Жетісу облысында жасөспірімдерге адам папилома вирусына қарсы екпе салынып жатыр. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі 8200-ден аса оқушы дәрігерлердің көмегімен иммунитетін күшейткен. Соның тең жартысынан астамы екінші дозасын алды. Айта кетейік, вакцина 11 жастан асқан қыз балаларға ата-анасының рұқсатымен егіледі. «Екі кезеңнен тұратын екпе аты жаман аурудың алдын-алуға сеп болады», - дейді мамандар.
Индира Күнбасова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- ДДСҰ мәліметіне сәйкес 95 пайыздан астам жағдайда адам папиломасы вирусы жатыр мойыны обырын тудырады деген мәлімет бар. Қазіргі таңда Жетісу облысында 603 адам жатыр мойыны обырымен есепте тұр. Бұл өте ауыр зардап болғандықтан алдын алу жүргізілуі тиіс.
Тегтер #Жетісу облысы #ауру #екпе #жасөспірімдерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz