Түркістан облысында санитарлық авиация қызметінің әлеуеті артып келеді. Өңірде толық күрделі жөндеуден өткен және заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Бұл — шалғай ауылдардағы тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті жедел жеткізуге жасалған маңызды қадам.
Мекеме базасында фельдшерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған арнайы симуляциялық кабинет іске қосылды. Бұған дейін санитарлық авиация облыстық клиникалық аурухананың құрамында жұмыс істеп келді. 2020 жылдан бастап бөлімше жеке ұйым ретінде қызмет атқарады. Бұл құрылым кеңес беруден бастап, күрделі шұғыл операциялар жасауға дейінгі қызметтің барлық түрін көрсетеді. Биыл медициналық авиация бригадалары 750 науқасты тасымалдады.
Бақытжан Мырзагелдиев, Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы:
- Барып келген консультацияның барлығына 1500-ге жуық медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оның ішінде акушер гинекологтар, тамырлық хирургтар, нейрохирургтар, травматологтар, балалар неонотологтары бар. Балалар неонотологтары көп жұмыс жасауда. Себебі қазіргі таңда 500 граммнан асқан бала тірі болып есептеледі. Сол себепті арнайы неонотолог автокөліктер былтыр облысттық бюджеттен берілген болатын.
Тегтер #мекеме #Жедел жәрдем #Түркістан облысы #авиацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz