Балалар арасында ауру көрсеткіші күрт өскен. «94 мыңнан 96 мыңға жетті», -дейді Астана медицина университеті нутрициология кафедрасының доценті Сәуле Таржібаева. Сырқат түрлері тамақтануға қатысты таралып жатыр.
Тыныс алу жолдары, ас қорыту мен жүйке жүйесі және инфекциялық әрі паразитарлық аурулар көбейген. Бұның бәрі контрафактілік өнімдерің кесірінен болып отыр. Өзекті мәселеге парламентаризм институты мен Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия көңіл аударды. Олар зиянды заттарды тексеру, сертификаттау жағы әлсіз екенін жеткізді. Салдарынан елдегі 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызында артық салмақ, жасөспірімдердің 40 пайыздан астамы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады. Мұнымен күресу үшін кешенді жүйе керек. «Бақылаудан бастап, алдын алу, ағартушылық және экономикалық шараларды біріктіру», - дейді жиынға қатысушылар.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әлемдік тәжірибеде бар. Яғни нарыққа шығатын, балалардың ағзасына зиянды өнімдерді лабороториялық жіті тексеруден өткізіп, нарыққа шығаруға тыйым салу. Әзірге бізде тағам, сусын, балалардың ойыншықтары, тіпті киімдер толыққанды лабороториялық тексеруден өтпейді. Екінші бізде сертификаттау жүйесі толық қолға алынбай отыр.
Тегтер #балалар #сырқатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz