Отандық дәрігерлер алғаш рет сүйектегі метастазды емдеудің тың әдісін ойлап тапты. Қазір 250 мыңнан астам адам онкологиялық ауруға шалдыққандардың есебінде тұрса, соның жартысына жуығында сүйекте метастаздары бар.
Мамандардың айтуынша, ол қатерлі ісік негізінде пайда болады. Яғни денедегі бір жерде өскен қатерлі ісік қан немесе лимфа арқылы сүйекке барып, жаңа ісікке әкеледі. Дәрігерлер: «Шетелден жеткізілген Самарий-Оксабифор радиофармпрепараты ауруды толық жойып, оң нәтиже береді», - дейді. Тың емдеу әдісін қазір Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығының мамандары қолданып жатыр. Онда 14 адам ем қабылдап үлгерген. Бірі құлан таза жазылып кетсе, енді бірі ауырсыну азайғанын айтады.
Қуантқан Жабағин, ҚР ПІБ МОА онколог дәрігері:
- Былтыр бір жылға жуық осы технологияны енгіземіз деп жұмыс жасадық. Биыл да бастап белсенді түрде кірісіп жатырмыз, науқастарымыз, әрине, бар. Олар бір жұма өткеннен кейін WhatsApp-қа жазған хаттарында: «Менің ауырсыну сезімім азайды, жоғалып кетті, мен күнде ішіп жүретін ауырсынуды басатын дәрілерді бүгін ішкен жоқпын, тамаққа тәбетім жоғарылады, менің жағдайым жақсара бастады, дәрігер, сізге рақмет, жатып жатқан жерімнен бөлменің ішінде бүгін жүрдім» деген тамаша пікірлер жазады. Бұл деген – өмір сапасын жақсартатын дәрі.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz