RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жаңа перзентхана ашылады

28.11.2025, 21:10 412

Алматы облысының Есік қаласында жаңа перинаталдық орталық ашылады. Бұл мекеме ауыр және аса ауыр жағдайда жатқан аяғы ауыр әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірге жасаған жұмыс сапары барысында медициналық инфрақұрылымның жай-күйін көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Есікте салынған 110 орындық перинаталдық орталық шалғайдағы бес аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Медициналық нысан үшінші деңгейлі санатқа сай салынып, жүктілігі күрделі жағдайда өтетін әйелдерді қабылдауға бейімделген. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен және жоғары технологиялық инженерлік жүйелермен толық қамтылған.

Дәурен Иманалиев, Перинаталдық орталықтың директоры:
- Бұл жерде шалғай жатқан аудандардағы экстрагентальді потологиясы бар әйелдер, қосымша аурулары бар әйелдер,
осы жерде босанып, үйлеріне қайтатын болады. Біз гинекологиялық науқастарға облыс деңгейінде жасалынбайтын күрделі оталарды осы жерде жасайтын боламыз.

Министр жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығын азайту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бұл мәселені шешу үшін облыста жас мамандарды қолдауға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Биыл осы Алматы облысының жұмысын ерекше айтып кету керек. Жарты миллиард теңгеге қаражат бөлінді.
80-нен астам жас мамандар қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрді. 8,5 миллион теңгеден бастап бір реттік беретін көтерме ақыларын алып, өздерінің алғашқы жұмыс орындарын ауылдық жерде бастап кетті.

Өңірде денсаулық сақтау саласының жалпы даму қарқыны тұрақты. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан жоспарланып, оның 23-і іске қосылды. Қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл тағы жеті нысанның құрылысы басталған. 

Авторлары: Гүлім Советқан, Аят Дүйсембай, Аманжол Жөңкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz