Логопед, дефектологтар тек балаларға емес, инсульт алған ересектерге де қажет. Себебі кей жағдайда оған шалдыққандардың қозғалысымен қатар сөйлеу қабілеті де шектеліп жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын 13 миллионнан астам адам инсульт алады. Ал еліміздегі көрсеткіш 40 мыңнан асады екен. Логопед Жанна Сәлімжанованың сөзінше, ол күніне 7 науқасқа дейін қабылдап, оларға қажетті ем-дом шарасын көрсетеді. Былтыр ол 200-ге жуық пациентке логопедиялық көмегін берген.
Жанна Сәлімжанова, логопед:
- Биыл жыл басынан 100-ден астам пацениет қабылдадым. Көбінесе инсульттан кейін және отадан кейін ең жиі диагноздар: афазия, дизартрия, сонымен қатар дауыс бұзылысы және жұту бұзылысы. Сөйлеу қабілетінен айырылған пациенттермен сабақтар тұрақты түрде жүргізіледі. Яғни күнде. Барлығы науқастың жағдайына байланысты болады. Жұмыс барысында тыныс алу, логопед массажы, дем алу гимнастикасы жасалады және заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолданамыз.
Тегтер #логопед #инсульт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz