Келер жылдан бастап онкологиялық скринингтер енді сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін болады. Сондай-ақ бірқатар медициналық қызмет МӘМС жүйесіне енгізілді.
Атап айтсақ, туберкулез, иммун тапшылығы, созылмалы вирусты гепатит, бауыр циррозы, қатерлі ісік, психикалық бұзылыстар, инфаркт пен инсультті анықтау ақысыз болмақ. Бұрын мұндай жеңілдік тек туберкулез бен иммун тапшылығы вирусына қатысты еді. Сондай-ақ базалық пакет мазмұны айтарлықтай кеңейеді.
Енді амбулаторлық диализ, созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша ем-шара, дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық көмек қолжетімді бола түседі. Сала мамандарының пайымынша, бұл жаңашылдықтар жағдайы ауыр науқастарға ғана емес, күнделікті өмірде созылмалы сырқаттармен күресіп жүрген жандарға қол ұшын созуға бағытталған.
Тегтер #МӘМС #онкология #Медициналық қызмет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz