Алматыда жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандардың саны өсіп барады.
Өткен аптада 32 мыңнан аса жағдай тіркелді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 17 пайызға көп. Науқастардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Ал А типті «гонконг тұмауын» 69 адам жұқтырған. Бұдан бөлек қала тұрғындарынан маусымдық риновирус, парагрипп, аденовирус, коронавирус анықталды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша, маусымдық өсім сақталғанымен эпидемиологиялық жағдай тұрақты, дейді мамандар.
Алмаш Ахметова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Тұмаудың алдын алу мақсатында осы эпидемиологиялық маусымға дейінгі кезеңде тұмауға қарсы қала тұрғындарының 10,8 пайызы егілді тұмауға қарсы. Оның ішіндегі тәуекел тобындағы 250 мың адам екпе алды. Айта кетерлігі, тұмаумен ауырған науқастардың барлығы тұмауға қарсы екпе алмағандар.
Тегтер #Алматы #ЖРВИ #инфекция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz