Келер жылы еліміздің 12 аймағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтары ашылады.
Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Емдеу нысандары заманауи құрылғылармен жабдықталып, науқастардың еміне қажетті барлық дәрі-дәрмекпен, құралдамен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бүгінде мұндай орталықтардың саны елімізде 600-ге жуықтайды. Жыл басынан бері онда 90 мыңнан аса азамат ем-дом алған. Жақында Қызылорда қаласында да үш жасқа дейінгі балаларға арналған алғашқы ерте оңалту орталығы іске қосылды. Өңірде қазіргі таңда 34 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның жеті мыңға жуығы балалар. Жаңа орталық жыл сайын дамуы кешеуілдеген 600-ге жуық бүлдіршінді қабылдайтын көрінеді.
Айбар Салетаев, кинезиотерапевт, реабилитолог:
"Қазіргі таңда церебралды параличпен ауыратын немесе аутизм, синдром Дауна диагноздары қойылған балалардың саны жылдан жылға өсіп отыр. Биылғы жылы Астананың өзінде біздің орталыққа 200-дей бала келген. 215 бала нақты айтқанда. Көбінесе оңтүстік өңірлерден келеді: Түркістан, Қызылорда облысынан келеді. Одан бөлек Астананың өзінде, Ақмола облысынан да бала саны аз емес. Батыс Қазақстаннан да біраз балалар саны келеді және Шығыс Қазақстаннан, Абай облысынан, Семейден де балалар саны аз емес, көп келеді".
Тегтер #оңалту орталығы #аймақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz