RU
Толық нұсқаға өту

Ауыл медицинасы басты назарда тұр

22.12.2025, 16:12 294

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл жыл соңына дейін 650-ден астам медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысанын салу жоспарланған.

Бүгінде оның 646-сының құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған 9 мекеменің жөндеу жұмыстары желтоқсан айының аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Олар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ұлытау, Жетісу, Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында бой көтермек. Нәтижесінде 1 миллионға жуық ауыл халқы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса ұлттық жоба шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғыртып, ауданаралық көп бейінді орталық аурухана деңгейіне жеткізу көзделіп отыр. Осы арқылы 4 миллионнан аса ауыл тұрғыны жоғары технологиялы көмекке қол жеткізбек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz