Елімізде құны 103 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Заманауи биофармацевтикалық толық циклді кешен «Алатау» арнайы экономикалық аймағында салынбақ. Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады. Онда 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуаты құрылады деген жоспар бар. Осы орайда 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орыны ашылмақ.
Аслан Қинаятов, ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры:
- Еліміздегі ірі стратегиялық инвестициялық жоба Президенттің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Кешеннің өндірістік портфелінде 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.
Тегтер #Елімізде #биофармацевтика #кешен #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz