Батыс Қазақстан облысында медицина мамандарын ынталандыру шаралары арқасында кадр тапшылығы екі есе азайды.
Екі жыл бұрын Орал өңірінде 320 дәрігердің орны бос болса, қазір 185 маман жетіспейді. 2024 жылы ауылдық жерге барған дәрігерлерге 8 жарым млн, қалаға келген мамандарға 5 млн теңге беру туралы облыс мәслихатының шешімі шықты. Нәтижесінде былтыр облысқа 127, ал биыл 193 маман келді. Сонымен қатар жыл сайын облыс бюджетінен медицина мамандығына 45 грант, дәрігерлерді резидентурада оқытуға 25 грант бөлінеді.
Мадияр Өтешев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Акушер-гинеколог мамандары, неонатолог, педиатр, анестезиологтар келген арқасында қазір көп аудандарда босану бөлімшелері ашылып жатыр. Керекті мамандар бұрынғыдай акушер-гинеколог, педиатр, анестезиолог, ревматолог облыс бойынша, қалада «узкий профиль» мамандар нейрохирург травматолог, сондай мамандар жетіспейді. Бірақ дегенмен, жылдан жылға келіп жатқан мамандар ол тапшылықтың бәрін жауып жатыр.
Тегтер #БҚО #медицина #тапшылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz