RU
Толық нұсқаға өту

Риддерде жаңа медициналық кешен ашылады

16.01.2026, 13:21 276

Риддерлік дәрігерлер жаңадан салынған медициналық кешенді қабылдап алмақ.

Қалада бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана пайдалануға беріледі. Оның құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 28 млрд теңге бөлінді. Маңызды әлеуметтік нысанның техникалық дайындығын арнамыздың аймақтағы түсіру тобы да көріп қайтты.

Риддерлік дәрігерлер бүгін әдеттегідей науқас қабылдап жатқан жоқ. Олар жаңадан салынған медициналық кешеннің құрылыс сапасын тексеріп жатыр. Емхана мен стационар озық құрал – жабдықтармен қамтылған. Тіпті операция жасайтын бөлмеге «ақылды» шамдар орнатылған. Бұл жағдайға 45 жылдың еңбек өтілі бар хирург Қырықпай Уашпаев дән риза.

Қырықбай Уашпаев, дәрігер-хирург:

- Современный больницаларды, ауруханаларды көріп жүреміз. Ойлайтынбыз бізде қай уақытта болады деп. Міне бүгін бізге де қуанышты сәт келіп отыр Біздің ауруханамыз іске қосылғалы жатыр. Соған біз өте қуаныштымыз.

Енді әр бөлімшенің жеке блогі болады. Бұдан былай бір кабинетте 3 дәрігер отырмайды. Жаңа нысанның ашылуына науқастар да күтіп жүр. Өйткені бұрынғы ғимарат 1939 жылы салынған болатын. 

БЛИЦ: 

- Жаңа қондырғылар орнатылып, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалса дейміз.

- Енді дәрігерлер керек. Өйткені маман тапшылығы бар.

- Бұрынғы емхана ескі. Төсекорындары да тозған. Жаңаның аты жаңа ғой. 

Жаңа кешеннің жалпы аумағы 40 мың шаршы метр. Ендігі мәселе – кадр тапшылығы. Бұл ретте жергілікті билік өкілдері осында жұмыс істеймін деген маманға 5 млн теңге көтермеақы ұсынып отыр. Мәселен, Перизат Қожахметова кезінде еңбек жолын Риддерден бастап, қазір терапевтік бөлімшенің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді.

Перизат Қожахметова, қалалық аурухананың терапевтік бөлімше меңгерушісі:

- Риддер қаласында жаңа заманауи аурухананың пайдалануға берілуі бұл өте үлкен біз үшін қуаныш. Себебі халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділіг мен сапасы артады. Алдын ала ауруларға тексерістерді біз енді тиімді түрде жүргізу аламыз. Бұрын Риддер халқының тұрғындары КТ жасау үшін Өскеменге баратын болса, қазіргі кезде бізге КТ жаңа аппараты қойылды. 

Бұл жаңадан салынған жалғыз медициналық кешен емес. Ел бойынша 2024 жылдан бері қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен жаңғыртуына 148 млрд теңге бөлінді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Витлугин, Жігер Бабақанов, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz