Кейінгі үш жылда елде «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 600-ден аса медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, 260 дәрігерлік пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 амбулатория салынды. 228 ауылда медициналық нысандар алғаш рет ашылды. 427 нысан тозығы жеткен және апатты ғимараттардың орнына бой көтерді. Нәтижесінде 1 миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық көмекті тұрғылықты елді мекенінде алуға мүмкіндік алды.
Тегтер #ауыл #медициналық нысан #ұлттық жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz