RU
Толық нұсқаға өту

Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

03.02.2026, 19:19 306

Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. 

Бірнеше рет қайталағандар тіпті кәсібінен айырылуы мүмкін. Қазір дәрілік препараттардың бағасына бақылау күшейді. Өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелері дәріханалардағы бағаға мониторинг жүргізуде. Республика бойынша қоғамдық бақылау айлығы ұйымдастырылды. Бүгін атыраулық белсенділер де бірнеше нысанды тексеріп шықты. Негізсіз үстеме қосқандарға шара қолданылады. Биыл мемлекет тарапынан тағы 5 мыңға жуық аталым бойынша баға қайта қаралады.  Айта кетейік, дәріханадағы препараттың қымбаттағанын байқаған кез келген тұрғын арнайы сайт арқылы шағым жолдай алады.

Салтанат Рахимова, Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Біз бүгін 20-ға жуық дәрінің бағасын кассадағы тұтынушыларымен бірге сұрап, анықтап біліп алдық. Өзімізге жазып алдық. Енді арнайы Үкімет қаулысымен, бекітілген дәрілердің шекті бағасы бар, сонымен салыстырып қараймыз. Зерделейміз. Сонан кейін егер, артықшылық байқалатын болса, біз тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне арнайы хатпен  шығамыз. Жалпы тұрғындарға ескерткіміз келетіні – Қазақстанда «Дәрі.кз» деген сайт бар. Әрбір тұтынушы сол сайтқа кіріп, сатып алған дәрінің чегін көрсетіп, құнына шағымдана алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz