Екі мыңға жуық медициналық ұйымда пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жүргізіледі.
Дәрігерлік қабылдаудың 47%-ға жуығы Face ID және электрондық құжаттарды арқылы іске асырылады. Бұл 10,6 млрд теңгеге негізсіз қызмет көрсетудің алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы денсаулық сақтау, медициналық білім беру жүйесін одан әрі дамыту және жеке секторды реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтылды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен жиында саланың жетістіктері айтылды. Мәселен, халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа дейін өскен. Жалпы өлім 2%-ға, ал нәресте өлімі 16,5%-ға төмендеген. Бұған салаға құйылатын қаржы көлемінің артуы оң ықпалын тигізген. Алайда бақылауды күшейтпей қаржыландыруды өсіру оның мақсатсыз жұмсалуына әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті денсаулық сақтау жүйесіндегі құқықтық және қаржылық тәртіпті қадағалау аса маңызды.
Медициналық көмек сапасын басқаруды жетілдірудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында дәл осы мәселелерге баса мән берілген. Министр Ақмарал Әлназарова халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қатаң бақылау ең алдымен қазақстандықтардың мүддесі үшін қажет деді. Айта кетейік, кешенді тексерістің қорытындысы бойынша былтыр 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатқан. 500-ден астам әкімшілік жазалау шарасы қолданылды. Бұдан былай жүйелік олқылықтарды болдырмау мақсатында қаржыландыру мен есепке алу процестері қатаң бақылауда болады. Ол үшін арнайы цифрлық құралдары енгізілді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау синистрі:
- Медицналық мекемелерге бақылауды күшейтудің мақсаты – мемлекеттік қаржыландыруды инфрақұрылымы дайын емес жеткізушілерге бөлінуінің алдын алу. Сонымен қатар медициналық көмек көлеменің негізсіз бөлінуіне жол бермеу. Екіншіден, медицналық ұйымдардың мүмкіндігіне байланысты бөлуді қамтамасыз ету.
Мақсұт Құлжанов, профессор, қоғамдық денсаулық сақтау саласының сарапшысы:
- Салықтан 3 дәрі-дәрмектің босатылуы жеткілікті деп ойлаймын. Ал ДДҰ тізімінде 500 ғана дәрі бар. Яғни ДДҰ халықтың денсаулығына келгенде осы дәрі-дәрі дәрмек жеткілікті деп санайды. Ал бізде 20 мың дәріні салықтан босату туралы ұсыныспен келіспеймін.
Тегтер #денсаулық сақтау #медициналық ұйым #Ақмарал ӘлназароваPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz