RU
Толық нұсқаға өту

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылады

10.02.2026, 17:18 279

Денсаулық сақтау саласында 30-дан астам ақпараттық жүйе бар.

 Бірақ олардың арасында үйлесім жоқ, әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істейді. Президент бұны бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі деп атады. Министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық жасалған. Президент Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдарға қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан істі егжей-тегжейлі тексеруді тапсырды. Тергеу процесін Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауында ұстайды. Ал Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтау тапсырылды. Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету міндеттелді. Денсаулық сақтау және білім саласында осындай бармақ басты, көз қысты әрекетке жол бергендердің бәрін жазалау керек деді мемлекет басшысы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz