Семейде екі күн ішінде 60-тан астам адам жарақат алған.
Толассыз жауған қар аралас жаңбыр қала көшелерін көктайғаққа айналдырды. Жол қозғалысы қиындап, соңғы екі күнде қала аумағында 20-ға жуық көлік оқиғасы тіркелген. Күн райының бұзылуы қоғамдық көліктердің қозғалысына да кері әсерін тигізді. Өңірде республикалық маңызы бар бірнеше тас жол уақытша жабылды. Синоптиктердің мәліметінше, құбылмалы ауа райы алдағы бірнеше күнге дейін сақталады. Қазір коммуналдық және төтенше жағдай қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Әділбек Увасилов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы
- Жиырма тонна риагент пен 300 тонна құм қиыршық тас көше жол бойларына және жаяу жүргінші жолдарына себілді. Жұмыстар күшейтілген режимде атқарылуда. Шет аймақтардан да бізгне арыздар келіп түсіп жатыр. Бүкіл арыздарға жауап беріп, керекті техниканы жіберіп жұмысты толығымен атқарып жатырмыз.
Тегтер #Семей #көктайғақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz