Елде былтыр қызылшаға шалдығу деңгейі 85 пайызға төмендеген.
Бұл туралы Үкіметте өткен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңесте айтылды. Жыл басынан бері қызылша дертіне 1951 адам шалдыққан. Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында кең таралған. Астана, Алматы қалалары және Жамбыл, Атырау облыстарында аурушаңдық көрсеткіштері жоғары. Қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар, - дейді дәрігерлер. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы шараларды әсіресе Маңғыстау өңірінде күшейту қажет.
Тегтер #Елімізде #қызылша #24KZ #жұқпалы ауруларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz