Әлемдегі ең қиын мамандықтың бірі – медицина саласы. Алайда ғалымдар жасанды интеллектіні осы салаға да енгізіп жатыр.
Бұл істі алғашқылардың бірі болып Дубай медициналық университеті қолға алған. Жасанды зерде бағытында тағы қандай зерттеулер бар?
Медицинадағы жасанды интеллект
Дубай медицина университетінде екі жасанды дәрігер бар. Біреуінің есімі – «Доктор Ләйлә», екіншісі – «Доктор Әлия». Ләйлә мен Әлия дәрігерлік өсімдіктер бойынша маманданған. 400 өсімдікке жауапты. Зерттеу және дамыту жұмысын атқарады.
Шамс Хамуд, Дубай медицина университетінің 3-курс студенті:
- «Доктор Ләйлә» әр өсімдіктің ерекшелігін біледі. Қалай, не үшін қолдану керек деген сұрақтарға мүдірмей жауап береді. Тіпті ауруға диагноз қойып, емдеу жолын да айтады. Осылайша, олар біздің жұмысымызды жеңілдетеді.
Жасанды интеллект диагноздарды модельдеу, клиникалық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Ақылды жүйе медициналық университеттің барлық дәрісханалары мен зертханаларына орнатылған.
Хесса Лотах, Дубай медицина университетінің инженері:
- Бұлар – ақылды аватарлар. Әсіресе заманауи жастар үшін өте пайдалы. Оқулықтан шаршаған студенттер Доктор Әлия және Ләйләмен тілдесіп, білімдерін толықтырады. Ғылыми негізделген мәтіндерді айтады. Жасанды интеллект жұмысымызды тартып алады деп үрейленбей, оларды тиімді пайдалана білуіміз керек.
Жасанды интеллект жоятын жұмыстар
Жасанды интеллектінің игілігі мен зардабы туралы зерттеу көп. «Маккинси» ғаламдық институтуның мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай әлемдегі компаниялардың 70 пайызы жасанды интеллектіге көшеді. «Голдман Сакс» инвестициялық банкінің есебінде жасанды интеллект 300 миллион жұмыс орнын алмастыруы мүмкін делінген. Солардың қатарында клиенттерге қызмет көрсету, ресепшн, есеп-қисап, сатушылар, талдау, қойма, сақтандыру, бөлшек сауда жасанды зердеге тез өте алады.
Жасанды интеллект жоя алмайтын жұмыстар
Десе де жасанды интеллектінің ырқына көнбейтін мамандықтар да бар. Оларға мұғалімдер, заңгерлер, басқарушы менеджерлер, кадр мамандары, психологтар, психиатрлар, хирургтер, компьютерлік жүйе сарапшылары мен жазушылар жатады.
Тегтер #ЖИ #медицина саласы #ғалымдарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz