RU
Толық нұсқаға өту

Елде санитарлық бақылаудың ерекше тәртібі енгізіледі

12.02.2026, 21:15 243

Қазақстанда санитарлық бақылаудың ерекше тәртібі енгізіледі. 

Жаңа ережелер мектеп, балабақша, жатақхана, балалар үйлерімен қатар сауықтыру мекемелеріне қатысты жүргізіледі. Яғни бұл аталған нысандар алдын ала ескертусіз тексеріледі. Тіпті ашық дереккөздерде қандайда бір мекеменің санитарлық талапты бұзғаны жайлы ақпарат тараса, соның өзі жоспардан тыс тексеруге себеп болуы мүмкін. Жауаптылардың айтуынша, соңғы жылдары балалар ұйымдарында тамақтан улану дерегі жиілеген. Бұл шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, санитарлық талапты бақылауға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz