Щучинскідегі дәмханада жарылыстан зардап шеккен 5 адам кеше кешке санавиациямен Астанаға жеткізілді.
Арасында ерлі-зайыпты мен 20 жастағы бойжеткен де бар. Екі адамның халі мүшкіл. Қазір олар жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Бірінің тыныс алу жолдары қатты зақымдалған. Екіншінің денесін 35 пайыз күйік шалған. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары зардап шеккен азаматтарға қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр. Еске сала кетейік, 26 ақпан күні Щучинскідегі дәмханада жарылыстан 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды.
Батыр Айтмолдин, ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары
- Үшеуі камбустиолгия бөлімінде жатыр. Реанимациядағы екі науқастың біреуіне тынысы дұрыс болуы үшін арнайы трубка саламыз. Қазір біз тиісті профилактика істеп жатырмыз. Бізде бес науқастың күйік жарасы 17-35 процент. Степень поражения дейміз ғой. Бірінші, екінші, үшінші. Және төртінші болды, төртіншісі сүйектен өтіп кеткен. Бізде төртінші степень жоқ, но үшінші бар. Ол өз бетімен қалыпқа келеді.
Тегтер #Щучинск #жарылыс #санавиация #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz