Халықаралық әйелдер күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлер марапатталды.
Салтанатты жиында саланың 30 үздік медицина қызметкері сый-құрметке ие болды. Оларға «Еңбек ардагері» медалі мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды. Марапат алғандардың қатарында клиникалық медицина, ғылым, білім беру және қоғамдық денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мамандар бар. Ақ халаттыларды денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзі құттықтады. Ведомство басшысы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мыңдаған адамды емдеп шыққан нәзік жандардың қажырлы еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді. Айта кетейік, бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 200 мыңнан астам әйел еңбек етеді. Бұл барлық медицина қызметкерлерінің 70 пайызы.
Эльмира Айнабекова, Түркістан облысы Сайрам ауданы орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері:
- Осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Әйелдерге көмек көрсетіп жүру де бір қабілет деп ойлаймын. Жұмыс қиын, оңай деп айта алмаймын. Перзентханаларда күні-түні түнеген кездеріміз де болды. Өте қиын босанған әйелдеріміз де көп болды. Біздің Түркістан облысында өте туу саны көп қой. Сол әйелдерге көмек көрсетіп, міне 37 жыл болды. Зейнетке шығамын деп ойлап жатырмын. Зейнеттен кейін де жұмыс істегім келеді осы елге.
Тегтер #үздік #әйел #дәрігер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz