Ел медицинасы 30 мамандандырылған көлікпен толықты.
Соңғы үлгідегі су жаңа автокөліктер ақ халаттыларға зертханалық зерттеулер мен эпидемиологиялық тексерулерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Медициналық машиналар пандемиямен күрес қоры есебінен алынды. Қазақстан екі жыл бұрын осы ұйымның 20 миллион доллар грантын ұтып алған еді. Бүгін ресми түрде табысталған автокөліктерді Ұлттық сараптама орталығы, өңірлік зертханалар, обаға қарсы станциялар және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы пайдаланады. Жоба Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
- Осы автокөлік Қазақстанның түкпір-түкпір жеріне барып, қажетті зертханалық анализдерді жасайды. Ол түрлі пандемияға дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Қажетті эпидемиологиялық тексерулерді өте тез жасауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар түрлі инфекциялардың алдын алып, тез анықтап, қажетті уақытта шектеуге бағытталған.
Тегтер #медицина #көлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz