Орал қаласында тұңғыш рет ашық таңдай және ашық ерін кемістігімен туған балаларға күрделі операция жасалды.
Халықаралық қайырымдылық жоба аясында 30-дан астам бала тексеріліп, олардың жартысына жуығы хирургиялық емдеуге іріктелді. Бұған дейін мұндай дертке шалдыққан балаларды ата-аналар Астана, Алматы қалаларына немесе шетелге апаруға мәжбүр болатын. Енді жергілікті дәрігерлер бұл күрделі операцияларды өздері жасай алатынын айтып отыр. Ресейлік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағында ота жасаудың заманауи әдістері көрсетілді. Мамандардың айтуынша, статистика бойынша шамамен әр 800 нәрестенің біреуі осындай ақаумен туылады. Өткен жылы өңірде халық арасында «қоянжырық» деп аталатын осы патологиямен жеті сәби дүниеге келген.
Жалғас Жәмиев, БҚО Балалар ауруханасының хирургі:
- Бізде мұндай мүмкіндік болмады үйренуге. Яғни осы қайырымдылық шараның арқасында үш күн аралығында 15 ота жоспарланып отыр. Яғни осындай он бес отаны өзіміз үйреніп, алдағы уақытта Орал қаласында да осындай оталар жасалады деген ойдамыз.
Тегтер #Орал #ота #балалар #ДенсаулықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz