Елде балалар арасындағы онкологиялық және гематологиялық қатерлі дертті емдеу аясында жыл сайын 70 жасуша трансплантациялау операциясы жасалады.
Соның арқасында науқас балалардың өмір сүру көрсеткіші 75%-дан асты. Бұл жайында елордада Дүниежүзілік Балалар арасындағы қатерлі ісікпен күрес күніне орай ұйымдастырылған Екінші ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Тәжірибелі мамандар қатерлі ісікпен күрестің заманауи тәсілдері мен жетістіктерін талқылады. Қазақстандық онкологтар бұрын шет мемлекеттерде ғана қолжетімді күрделі операцияларды өз елімізде жасау балалар онкологиясын емдеудің тиімділігін арттырғанын атап өтті. Елімізде дертті ерте анықтау мен диагностикалауға басымдық беріліп отыр.
Мағрипа Ембергенова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры:
- Қазақстанда онкогематологияны емдеу шаралары 30 жылдан астам жүргізіледі. Үлкен қолдау бар бұл балаларды емдеу үшін 2 жыл бұрын үлкен кешенді план бекітілген Үкіметпен. Қазір балалардың выживаемость 75%-дан асып тұр. Әрі қарай ол көрсеткішті көтеруіміз керек. Сол үшін Қазақстанға жетекші мамандар келіп отыр.
Корай Ялчын, Acibadem клиникасы онко-гематология және сүйек кемігін трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі /Түркия/:
- Бүгінде әлемде және Түркияда да онкогематология бағыты қатар дамып келеді. Басты мақсатымыз ем-шараларына ағзаның оң реакциясын арттыру. Осыған байланысты біз химиотерапияны мүмкіндігінше аз қолданып, оның орнына жасушалық терапияларды көбірек пайдалануға көшіп жатырмыз. Дәл осы тақырыпта баяндама жасаймын. Сонымен қатар еуропалық орталықтармен бірлесіп әзірлеген тәжірибеміз бен жаңа хаттамалар туралы айтып беремін.
Тегтер #елорда #балалар #онкология #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz