Өскеменде балаларына аутизм диагнозы қойылған ата-аналар үшін маршруттық карта әзірленді.
Маңызды жоба оңалту мекемесі қызметкерлерінің республикалық семинарында таныстырылды. Алқалы жиында инклюзивті білім берудің өзге әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Жалпы Өскеменде аутизмі бар 1800 бала тіркелген. Франция, Израильге барып білімін жетілдіріп келген білікті мамандар да жетерлік. Таныстырылған маршруттық карта сол жүйелі жұмыстың жемісі, дейді ұйымдастырушылар.
Әйгерім Ахмадиева, білім басқармасының бас маманы:
- Баланың мүддесін сақтау және соларға арналған сілтеме мақалалар қандай жерге барып көмек алуға болатыны, соның барлығы көрсетіліп жасалған және қазіргі таңда осы маршрруттық картаны тек кана Өскемен қаласында емес облыс бойынша таратып, өңдеп әзірлеу жоспарымызда бар.
Тегтер #Өскемен #аутизм #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz