RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде сүйек кемігіне донорлар табылып жатыр

24.04.2026, 13:09 36

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында дің жасушалары донорларын іздеу жұмыстары қарқын алды.

Былтырдың өзінде 1300-ден астам облыс тұрғыны сүйек кемігі доноры болуға келісім берген. Елде жыл сайын үш мыңнан аса адам лейкоз және лимфома сияқты ауыр дерттерге шалдығып, дің жасушаларын трансплантациялауға мұқтаж болады. Көп жағдайда – бұл науқастардың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы. Бірақ донор мен науқастың генетикалық сәйкестігі өте маңызды болғандықтан лайық донор табу оңай емес. Дәрігер Гүлім Әзбергенова да осы жауапты қадамға саналы түрде барып, донор атануға шешім қабылдаған. 2018 жылдан бері Қазақстанда 20 трансплантация жасалып, 16 қазақстандық, 3 ресейлік және бір Италия азаматына сәйкес донор табылған. 

Гүлім Әзбергенова, донор:

- Бұған өзім, өзімнің ойыммен, ішкі сезіміммен, шынайы ауыр да қиын аурулармен ауырып жүрген балаларға, ересек адамдар болсын қазір ондай адамдарға өте көп көмек керек, сонымен қатар мың адамның ішінде бір адам ғана генетикалық сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан сол адамның бірі болғым келеді. Сол мақсатта, көмектесу мақсатында бүгін осы жерге келіп тұрмын. Нақты өзімнің ойыммен келгендіктен көмектесетін сондықтан ешнәрсе маған қиын болған жоқ, ештеңеден қорыққанда жоқпын.

Татьяна Войнова, қан орталығы директорының орынбасары:

- Сәйкес келетін генетикалық «егізді» табу өте сирек кездеседі, кейде сәйкестік 10 мың адамның біреуінде ғана болады. Сондықтан тек туыстар ғана емес, бүкіл Қазақстан тұрғындарының, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы халқының да сүйек кемігі доноры болуға үн қосуы өте маңызды. Біз жыл сайын 2-3 рет осындай акциялар өткізіп, адамдардан сүйек кемігі донорлары регистріне кіру үшін қан үлгілерін аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz