Үкімет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін реформалау барысы туралы айтты. Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі реформаланып, бағаларды төмендету және ашықтықты арттыру шаралары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 5 мыңнан астам дәрінің бағасы қайта қаралып, 2025 жылы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу нәтижесінде шамамен 75 млрд теңге үнемделген.
Премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтика саласында мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысының маңызын атап өтті. Негізгі бағыттар – отандық өндірісті дамыту, технология трансфері және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Үкімет әкімшілік жүктемені азайтып, бизнесті қолдауды жалғастырады, ал бизнес халықты қолжетімді бағадағы сапалы дәрімен қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, дәрілерді тіркеуді «бір терезе» қағидатына көшіру, кейбір дәрілер бағасын дерегуляциялау және әділ баға қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Тегтер #дәрідәрмек #баға #Денсаулық сақтау министрлігі #24KZ #24 жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz