RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 4506 адам трансплантацияны күту парағында тұр

04.05.2026, 15:41 28

Қазақстанда 4506 адам күту парағында тұр.

transplant.kz сайтындағы статистика бойынша олардың басым бөлігі бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Бұл санатта 4015 ересек, 87 бала бар. Бауыр алмастыруға 242 ересек, 25 бала тіркелген. Ал жүрек трансплантациясын 198 адам күтіп жүр, тағы 33 адам өкпе донорын күтуде.  

Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы

2026 ж. 19 наурыз жағдай бойынша 

Бүйрек

Ересектер: 4015

Балалар: 87 

Бауыр

Ересектер: 242

Балалар: 25 

Өкпе

Ересектер: 32

Балалар: 1 

Жүрек

Ересектер: 192

Балалар: 6 

Жүрек-өкпе

Ересектер: 4

Балалар: 1  

transplant.kz 

Елде 140 мыңнан астам адам донор болуға келісім беріп, ресми тіркелген. Бірақ олардың бәрі ағза трансплантациясына қатысады деген сөз емес. Өйткені соңғы шешімді отбасы қабылдайды. Өмірден өткен соң донор болуға келіскен адамның туыстары көп жағдайда қарсы болады. Мәселен, 2025 жылғы 184 ықтимал донор анықталды. Десе де, тек 19 отбасы келісім берген, трансплантациялау бойынша 68 операция жасалды. Ал ағза алмастыруға кезекте тұрған 342 адам көз жұмып, күту парағынан шығарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz