Күн жылыды, көк шықты, кене көбейді. Биыл кене шаққан 5 638 адам дәрігерге жүгінген.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, кейінгі уақытта күн жылынуына байланысты кене шағу дерегі жиілеп отыр. Әсіресе оңтүстік аймақтарда шағымданушылар көп. Яғни осы уақытқа дейін Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары медициналық көмек алды. Сондай-ақ елдің орталығы мен шығысында да кене шаққан оқиғалар жиі тіркелген.
Тегтер #кене #ДСМ #Таңдаулы #шағымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz