Науқастарға ингаляторлар тегін беріледі, деп хабарлайды "24KZ".
5 мамыр — Дүниежүзілік демікпемен күрес күні. Бұл күн демікпені диагностикалау, емдеу және бақылау мәселелеріне назар аударуға арналған.
Қазақстанда бронх демікпесімен ауыратын науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында базистік ингаляциялық препараттармен қамтамасыз етіледі. Бұл дәрілер ауруды тиімді бақылаудың негізгі құралы болып саналады.
Халықаралық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдайтын бастама аясында пациенттердің қабынуға қарсы ингаляциялық емге тең қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда.
Мамандардың айтуынша, әлемде 260 млн-нан астам адам демікпемен ауырады. Қазақстанда да ауруды анықтау көрсеткіші өсіп келеді: 2017 жылғы 73,4 жағдайдан 2025 жылы 100 мың адамға шаққанда шамамен 102 жағдайға жеткен. Бұл диагностика мен медициналық көмектің жақсарғанын көрсетеді.
Демікпе — тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Дұрыс ем (әсіресе ингаляциялық терапия) ұстамаларды азайтып, науқастардың қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Тегтер #Демікпемен күрес #ингалятор #медициналық көмек #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz