RU
Толық нұсқаға өту

Елде мыңға жуық адам бауырын алмастыру үшін кезекте тұр

06.05.2026, 19:18 30

Мәселенің түйіні донор тапшылығында. Тіпті науқас жанға тірі донор табылса да, ағзаға сәйкес келмей жатады.

Ал кейде үміт сәулесі қайта жанып, көптен күткен трансплантациялық операция сәтті өтеді. 

Фируза Смағұлова – 29 жаста. Келіншек осы кезге дейін ауыр дертпен күресті. 13 жыл бұрын дәрігерлер Вильсон-Коновалова диагнозын қойған. Мұндай ауру ел бойынша сирек кездеседі. Бастапқыда ешбір белгісі сезілмепті. Кесел жайлы аяқасты білген.

Фируза Смағұл, қала тұрғыны:
- 2013 жылы өтімде тас бар деді. Операция жасау барысында ашқан кезде бауырымның өте үлкен екенін көріп, тасты алмай, қайтадан жауып қойды. Одан кейін Алматыда Кардиологиялық және ішкі ғылыми-зерттеу институтында жаттым. Сол жерде Вильсон-Коновалов диагнозын қойды. Ол – өте сирек кездесетін диагноз. Бұл диагнозбен Қазақстанда біз бірнешеуміз.

Уақыт өте дерті үдеп, бауырдың іруіне әкелген. Науқасты аман алып қалудың жалғыз жолы бауырды алмастыру болды. Тек былтыр ғана донор табылып, Алматыда Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хиругия орталығы мамандары Фирузаға 8 сағаттан аса операция жасады.

Фируза Смағұл, қала тұрғыны:
- Бір ғажайып болды деп айта аламын бұл күнді. Мен үшін екінші өмір, екінші демім ашылған күн. Бастапқыда күйеуім аралас топтық трансплантация. Менің жолдасым оған келмей қалды. Оның бауыры дұрыс емес болып қалды. Аяқ астынан мәйіттік донор табылып. Операция жасалды.

Қиын күндер көрген түстей ұмыт болды. Екінші өмір сыйлаған дәрігерлерге Фирузаның алғысы шексіз. Иә, ағза алмастыруды армандаған адам аз емес. Трансплантологтар бүгінде көптеген ел ағза алмастыруға мұқтаждық мәселесін мәйіттік донор арқылы шешіп отырғанын айтады.

Назгүл Жылгелдина, Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары:
- Басқа елдерде келісім презумциясы не бас тарту презумпциясы бар. Тек бізде келісімін аламыз, одан тума туысынан тағы да сұраймыз. 18-ге толған адам келісімін беремін деп жазып кетсе, тума-туысы құқығын бұзады деп есептейміз. Егер келісім беріп тұрса, неге тума-туыс бас тарту керек?

Бір донор 5 адамға өмір сыйлай алады. Былтыр елде 186 адам ми өлімімен қайтыс болды. Туысының мәйіттік донор болуына тек 18 отбасы келісім берген. Елде мәйіттік донорлық дамыса, дәрігерлер 900-ден аса науқастың өмірін ұзартуға күш салар еді. 

Авторлары: Рухани Әбдірахман, Назерке Тоқжан, Ержан Рахманбердиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz