RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

  Қазақстанда көкжөтелмен ауырғандар саны 2,8 есе азайды

15.05.2026, 17:06 39

Елде жыл басынан бері  көкжөтелдің 76 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе төмен, деп хабарлайды «24KZ».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай оң өзгеріс екпе егу және балаларды жоспарлы иммундау жұмыстарының күшеюімен байланысты.

Сонымен қатар, ауырғандардың басым бөлігін екпе алмаған балалар құрайды – 67 жағдай, яғни 88%. Олардың ішінде:

– 69% ата-аналардың екпеден бас тартуына байланысты вакцина алмаған;

– 22% медициналық қарсы көрсетілім болған;

– 9% екпе жасына жетпеген.

Мамандар көкжөтелдің алдын алуда вакцинация ең тиімді әдіс және әсіресе ерте жастағы балалар үшін аса маңызды екенін айтады.

Жылдың алғашқы төрт айында көкжөтелге қарсы жоспарлы екпемен 178,9 мың бала қамтылған. Оның ішінде:

1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала;

– 1 жастағы 46,7 мың бала;

– 6 жастағы 80,7 мың бала.

Бұдан бөлек, екпеден қалып қойған балаларды толықтыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім қосымша вакцина алған. Бұл жұмыс қолда бар вакцина қоры есебінен жалғасып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz