RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде гематология орталығы ашылады

18.05.2026, 09:00 122

Өскеменде құрылысы 6 жылға созылған «Гематология орталығы» шілде айында ашылады.

Маңызды нысанның құрылысына Президент назар аударып, қайтарылған активтер есебінен қаржы бөлінді. Жаңа медициналық мекемеде ересектер мен балаларға күрделі генетикалық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар жілік майын транспланттау бөлімі ашылады.

Енді жоғары технологияға негізделген орталықта кадр мәселесі қалай шешіледі?

«Гематология орталығының» құрылысы 2020 жылы басталды. Көп ұзамай денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен мәртебесі «көпбейінді» болып өзгертілді. Оған қоса доллар бағамы өсіп, шет елден алынатын медициналық жабдықтар қымбаттап кетті. Сөйтіп, жобаға бірнеше рет түзету енгізілді. Құрылыс ұзаққа созылған сайынғ жоба құны да шарықтап шыға келді.

Есболат Өженов, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Бастапқы құны 30 милллард теңгеден астам еді. Қазіргі құны 80 миллиард теңге. Өйткені құрылыс басталған жылдан бері доллар бағамы бірнеше рет өзгерді. Сондықтан жобаға түзетулер енгізуге тура келді. Ал ондай кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруға болмайды. 

Жоба қымбаттап кеткен соң,оған жергілікті бюджеттің қауқары жетпеді. Осылайша екі жыл бұрын  нысан республиканың балансына өтті. Былтыр бұл мәселеге Президент назар аударып, қайтарылған активтер есебінен қаржы бөлінді. Қазір құрылыстың 97 процентті бітті. Мұнда діңгекті жасушаларды культивациялау зертханалары жұмыс істейді.Жілік майын транспалантациялау операциясы жасалады.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Гемотологиялық орталық облыстағы, тіпті ТМД елдері ішіндегі ең жоғары технологиялы медициналық нысанға айналғалы тұр. Бұл жерде қан ауруына шалдыққан науқастарды тексеруге,емдеуге және оңалтуға бағытталған  жан-жақты медицналық көрсетіледі.Ол үшін ең соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар әкелінеді. 

Сонымен қатар кардиология, кардиохирургия, сәулелік диагностика, күрделі соматика бөлімдері де  ашылады.

Айнаш Қапанова, облыстық  денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Көп салалы бағыттағы орталық болғандықтан қалалық және облыстық ауруханадан тиісті  мамандар алынады. Жалпы  ауыр дертке шалдыққан талай адамды басқа қалаға жіберетін едік. Енді олар өзімізде емделеді. Уақытша тұруға арналған пансионат та  бар.

Бұдан бөлек кешенде жұмыс істеу үшін 30 маман Израильден біліктілік жетілдіріп келді. Нысан пайдалануға берілген кезде ондаған жұмыс орыны ашылады.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz