Күн жылынғалы Солтүстік Қазақстан облысында 419 адамды кене шақты.
Жүзден астамы балалар. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мамыр айында бұл жәндік тез көбейіп, жан-жаққа тарай бастайды. Орманда ғана емес, саябақ секілді қоғамдық орындарда да көп кездеседі. Қалада қазір жәндікке қарсы дезинсекция жүріп жатыр. Дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну керек дейді.
Гүлида Жәкеева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
- Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша Айыртау ауданында Айыртау ауылы және Лобаново ауылында дезинфекциялық кенеге қарсы іс-шаралар жүргізілді. Кене энцефалитінің эндемиялық ауданы Айыртау ауданы болып табылады.
Тегтер #СҚО #кенемен күрес #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz