Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институты Қостанай облысындағы 13 айдынды емдік көлдер атласына енгізді.
Тұзды көлдердің минералды суы мен балшығы талай дертке дауа екендігі айтылып жүр. Бірақ олардың емдік қасиеті ғылыми-медициналық тұрғыда зерттелмеген. Сонымен қатар шипалы көлдердің басына жету қиындығы, әлеуметтік инфрақұрылымның әлсіздігі өңірде медициналық туризмнің дамуына тежеу боп тұр, дейді сала мамандары.
Гүлмира Қапенова, кәсіпкер:
- Жол, көлік және қызмет көрсету инфрақұрылымы болмайынша, ол жерлерде бизнес үшін нысандар орналастыру тиімсіз. Экотуризм жобасын қолға алғанда осы бағытты байқап көрген едік. Келуге ниетті адамдар бар. Бірақ оларға қызмет көрсету тым қымбатқа түседі. Тіпті тұзды көлге шомылып, балшыққа малынғаннан кейін жуынатын суды тасып жеткізу зор шығын.
Тегтер #Қостанай облысы #шипалы көл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz