RU
Толық нұсқаға өту

Астанада аурухана қызметкерінен туберкулез анықталды

24.05.2026, 17:08 23

Елордадағы №1 балалар ауруханасының мейірбикесінен туберкулездің ашық түрі анықталды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Қызметкер науқастармен байланыста болғандар тізімінде жоқ әрі қолында жұмыс істеуге заңды рұқсаты болған. Флюорографияны соңғы рет ақпан айында жекеменшік емханада өткен. Онда ешқандай патология анықталмаған. Алайда екі айдан кейін денсаулығы нашарлап, туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. Оқиғадан соң балалар ауруханасында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Соңғы үш айда мейірбикемен байланыста болған адамдар анықталып, 39 қызметкер қайта тексеруден өтті. Олардан инфекция анықталған жоқ. Енді медбике флюорографиядан өткен жеке клиниканың әрекеті тексеріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz