RU
Толық нұсқаға өту

Балаларды емдеуге бөлінетін қаржы екі есе өсті

01.06.2026, 13:08 36

Елде кейінгі бес жылда ана мен бала денсаулығын сақтау саласын қаржыландыру көлемі 585 миллиард теңгеге жетті. 

Бұл барлық медициналық бюджеттің төрттен бір бөлігін құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нәресте өлімі 7,5 есе, ал ана өлімі 6 есе төмендеді. Туғаннан кейін балалар неонатальды, аудиологиялық және офтальмологиялық скринингтерді және даму барысын бағалауды қоса алғанда, міндетті тексеруден өтеді. Өңірлерде балалар ауруханалары жаңартылып, перинаталдық орталықтар салынып жатыр. Жасөспірімдердің денсаулығын бақылауға да ерекше көңіл бөлінген. Білім беру ұйымдарында медициналық пункттер жұмыс істейді. Ал былтырдан бастап оқушылардың жас қажеттіліктерін ескеретін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Сонымен қатар вейптер мен электронды темекі айналымына шектеу қойылып, 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz