RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде ана өлімі кейінгі бес жылда 35 пайызға төмендеді

04.06.2026, 12:43 381

Қазір жүкті әйелдердің 90 пайыздан астамы жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке алынады. 

Бұл тәуекелдерді ерте анықтап, қажетті медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді. Екі жыл бұрын ұрықтағы патологияларды жатырішілік емдеуге мүмкіндік беретін фетальды медицина бағыты енгізілді. Ал былтыр тамыздан бастап «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылып, әйелдер 15 тегін тексеруден өтуге мүмкіндік алды. «Бір күндік клиника» жобасы аясында жүкті әйелдер қажетті талдаулар мен мамандар кеңесін бір күнде алады. Бүгінде ел аумағында 400-ден астам әйел консультациясы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, болашақ аналарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жаңа нысандар ашылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz