RU
Толық нұсқаға өту

Елде онкологиялық тексерулер тегін ұсынылады

04.06.2026, 13:14 37

Елімізде онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. 

Нәтижесінде шамамен 300 мың адам қосымша диагностикадан өту мүмкіндігін алды. Мемлекет халықты қымбат әрі жоғары технологиялы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Мәселен, қазір заманауи диагностика, емдеу әдістері және күрделі хирургиялық операциялар қолжетімді. Ауыр туа біткен аурулары мен патологиялары бар балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын шамамен 1,5 мың нәрестеге ота жасалады, олардың 40%-ында аз инвазивті эндовидеохирургиялық технологиялар қолданылады. Қымбат ем мен дәрі-дәрмекпен қамту да кеңейіп келеді. Былтыр 3,4 миллион қазақстандық  тегін дәрі-дәрмек алды. Ал аналарды қолдау мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Соның арқасында әйелдер алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде 15 тегін тексеруден өте алады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz