Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы «Heart Center Foundation» зауытын аралап, медициналық мақсаттағы пластикалық бұйымдар өндірісінің қызметімен, кәсіпорынның технологиялық жабдықталуымен танысты.
Зауыт биыл мамыр айында пайдалануға берілген, ал қыркүйекте толық қуатта іске қосылмақ. Өндіріс орнына құйылған инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеден асады. Кәсіпорынның негізгі өнімі қысқаша ALEM деп аталады. Бұл донорлық ағзаларды сақтау, қалпына келтіру және тасымалдау мақсатында отандық инженерлер мен дәрігерлердің жасап шығарған бірегей әзірлемесі. Технология донорлық ағзаның сақталу мерзімін бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін және одан да көп мерзімге ұзартуға мүмкіндік береді. Тиісінше соны технология отандық трансплантология үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Айта кеткен жөн, қазіргі таңда еліміздегі азаматтардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 76 жасты құрайды. Заманауи медициналық көмекке қол жетімділік кеңейсе, бұл көрсеткіштің жоғарылауы әбден мүмкін.
Тегтер #Отан #Транспланталогия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz