RU
Толық нұсқаға өту

Алматыдағы ұлттық госпиталь жаңғыртылады

08.06.2026, 18:51 39

Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медицина орталығының ұлттық госпиталі сүріледі деген ақпарат жалған. 

Орталық басшылығының айтуынша, мұнда ешқандай тұрғын үй кешенін салу жоспарда жоқ. 2024 жылы жер сілкінгенде ғимаратқа айтарлықтай нұқсан келген. Оның үстіне инженерлік желісі тозған. Сондықтан қауіпті бөлігі сүріліп, орнына жаңа медицина нысандары салынады. Негізгі емдеу корпусы сақталады. Онда қайта жаңғырту жұмыстары жүреді. «Құрылыс кезінде аурухананың қызметі тоқтамайды», - дейді орталық өкілдері.

Мәулен Оразқұлов, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұлттық госпиталі директорының орынбасары:

- Бұл ғимарат сүрілмейді. Сондай-ақ жер телімі ешқандай кәсіпкерлік мақсатқа берілмейді. Мұнда тұрғын үй кешені де салынбайды. Ұлттық госпитальдің жұмысы тоқтамайды. Ол медициналық мақсатта қолданылады. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жалғастыра береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz