RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ

11.06.2026, 10:21 52

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі маркетплейстер мен интернет-платформалар арқылы дәрі-дәрмек саудасын шектеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомство мамандары халық арасында сұранысқа ие антибиотиктерді қоса алғанда, рецептпен берілетін барлық препараттарды желіде сатуға толықтай тыйым салуды ұсынуда. Бұл туралы TengriHealth басылымына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді.

 Мәселенің мәні: Желідегі бақылаусыз сауда

Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, бүгінде отандық интернет кеңістігінде тек дәрігердің нұсқауымен ғана берілуі тиіс препараттардың танымал маркетплейстерде еркін сатылып жатқан жағдайлары жиі тіркеледі.

 Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мұндай заңсыздықтарға жедел әрі нүктелі түрде әрекет етуге мәжбүр. Яғни, құзырлы органдарға жүгініп, заңсыз тауарларды платформалардан өшіруді талап етеді. Алайда, спикер атап өткендей, мұндай жекелеген шаралар жеткіліксіз. Осыған байланысты министрлік мәселені жүйелі түрде реттеуді қолға алмақ.

 Рецептілі препараттарды ешбір жағдайда онлайн сатып алуға болмайды. Оларды дәріханадағы фармацевт қана беруі тиіс», - деп қадап айтты Бауыржан Жүсіпов.

 

Тұтынушылар үшін не өзгереді?

Онлайн сатып алуға толық тыйым салу: Алдағы уақытта «үйреншікті» антибиотикті немесе кез келген өзге де рецептілі дәріні үйге немесе тапсырыс беру пунктіне жеткізу қызметімен онлайн тапсырыс беру мүмкін болмайды.

 Дәстүрлі дәріханаларға оралу: Тұтынушылар мұндай дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін дәстүрлі дәріханаларға өздері барып, дәрігердің ресми рецептін көрсетуі міндеттеледі.

 

Министрлік бұл нормативтік ережелердің жобасын осы жылдың күзіне қарай толық әзірлеп бітуді жоспарлап отыр. Дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау антибиотикке дамуына әкеп соқтыратынын ескертті. Бұл - адам денсаулығына төнетін өте үлкен қауіп. Интернеттегі саудаға тыйым салу бастамасының негізгі себебі де осы болып табылады.

Бұған дейін қазақстандықтардың күшті әсер ететін антибиотиктерді шамадан тыс қолдана бастағаны белгілі болған еді. Салдарынан бактериялар мутацияға ұшырап, кәдімгі препараттар емдей алмайтын «супербактерияларға» айналуда.

Осы орайда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова антибиотиктердің рецептсіз сатылуының жолын кесуді және оларды толықтай цифрлық таңбалауды енгізуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz