RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында астан уланған 36 адам ауруханаға түсті

17.06.2026, 19:45 48

Тағы 29 тұрғын амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің барлығы Боралдай кентіндегі дәмхананың бірінен ас ішкен. 

Оқыс оқиғадан кейін нысан қызметі уақытша тоқтатылды. Қазір санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тексеру жүргізіп, тағам өнімдерінен сынама алды. Уланудың нақты себебі зертханалық зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болады. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың жағдайы тұрақты.

Мүслім Сағадиев, Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Егер зерттеу қорытындысы бойынша уланудың осы нысанда дайындалған тағамдардан болғаны расталса, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Атап айтқанда, нысан қызметін уақытша тоқтату немесе толық шектеу мәселесі қаралады. Сонымен қатар тексеру барысында кейбір қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтпегені анықталды. Осыған байланысты олар жұмысынан шеттетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz