RU
Толық нұсқаға өту

Астанада үздік медицина қызметкерлері марапатталды

18.06.2026, 18:45 44

Соңғы жылдары елде денсаулық сақтау жүйесін қолдау айтарлықтай күшейді.

Салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 2025 жылы 3 триллион теңгеге жетті. 7 жыл ішінде 1300-дей медициналық нысан салынды, ал қызметкерлердің жалақысы 2,5 есе өсті. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп, түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы мыңдаған дәрігер қолдау алуда. Сонымен қатар салада цифрлық трансформация қарқынды жүріп жатыр. e-Densaulyq жүйесі аясында 23 ақпараттық платформа біріктіріліп, бірыңғай сандық кеңістік қалыптасты. Бұл дәрігерлердің әкімшілік жүктемесін азайтып, қызмет сапасын арттырды.

Салтанат Жабагиева, Түркістан облысы №1 облыстық перинаталды орталығының басшысы:

- ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен, қолдауымен №1 периниталды облыстық орталық мемлекет деңгейінде үздік периниталды орталық беделді перзентхана номинациясына ұсынылған болатын. Бұл номинацияны қол жеткізу жүйелі жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Осы саладағы жасалып жатқан министрліктің қолдауымен жасалынып, Түркістан облыстық әкімдігінің, денсаулық сақтау басқарманың қолдауымен атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі деп білеміз. Осы салада сан жылдар бойы қызмет етіп жатқан дәрігерлеріміз, орта буын және мейірбеке,  барша мамандардың жемісі деп білеміз.

Алмат Байсалов, Түркістан қалалық балалар ауруханасының басшысы:

- Түркістан облысы бүкіл қазақстан бойынша туу көрсеткіші бойынша бүкіл Қазақстанның өңірінен ең жоғары болып саналады. Сол біздің көрсеткіш балдарға көмек көрсету көрсеткіші бұл соның деңгейін көрсетеді. Қазіргі таңда Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша балалар ауруханаларында ренновация басталды барлық жалпы медициналық қызметкерлерін осы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Мынау ауыр жұмыстарында денсаулық, абырой тілеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz