Жүрек дәрігері, білікті ұстаз және қаламы қарымды ақын.
Сегіз қырлы, бір сырлы Мұхамбедия Ахмет-Төре сексеннің сеңгіріне шықты. Ана тілінің жанашыры адамдарды емдеп қана қоймай, медициналық терминдерді мемлекеттік тілде сөйлеткен жан. Мерейтой иесінің төл туындылары мен аудармалары отандық ғылымға қосылған сүбелі үлес.
Мұхамбедия Ахмет-Төре Арқа өңірі, Қарағанды облысының тумасы. Еңбек жолын кардиология саласынан бастаған ол, кейін Шарманов атындағы Тағамтану институты мен Астана медициналық университетінде қызметін жемісті жалғастырды. Кезінде салалық оқулықтардың көбі шет тілінде болғандықтан кейіпкеріміз ана тілде еңбек жазудың маңыздылығын ұғынып, іске кіріскен.
Күлия Ахметова, Мұхамбедия Ахмет-Төренің жары:
- Қазақ тілді медицинаны қалай қазақшаландырам, қалай сөздік жазсам деген сөздіктерді теріп, дайындап жүрген. Алматыда бірінші кітабы шықты. Қалғандары осында. Оқулықтар питание жөніндегі барлығы, тағамтану.
Мұхамбедия Ахмет-Төре дәрігерлік қызмет пен поэзияны қатар алып жүрген жан. Тіпті еліміздің танымал режиссерлері оның қаламынан туған шығармалар негізінде театр сахналарында спектакльдер де қойған.
Мұхамбедия Ахмет-Төре дәрігер-кардиолог, ақын:
- Қазақ ақындарына иығымды сүйкеп, бірдемемді кемсітіп жүрген емеспін. Мынандай ақындығым болса қазақ тілінде, қазақ тілін сүйетіндердің бірімін деп есептеймін. Кардиолог. Ей тағдыр сынағаның болар, нүктеменен, леп белгімен жауап берем. Өмір сөйлем, бітпесе екен қарапайым нүктеменен.
Бұл ақынның «Ақ қара» атты өлеңдер мен айтыстар жинағынан үзінді. Автор төл туындысында өмірдің ақ пен қарадан тұратын мәңгілік пәлсапасын арқау еткен.
Дариға Ташенова, Жанар Меңдігерей, Мерей Талап
Тегтер #кардиология #медицина #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz