RU
Толық нұсқаға өту

Түркістандағы емханада «Заң мен тәртіп» аясында ашық есік күні өтті

26.06.2026, 13:23 183

Түркістанның қалалық емханасында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында тұрғындар үшін ашық есік күні өтті. 

Іс-шарада дәрігерлерден бөлек прокуратура, полиция қызметкерлері тұрғындарды қабылдап, өтініш-сауалына жауап берді. Мамандар келушілерді тексеруден өткізіп, медициналық-психологиялық және құқықтық кеңес берді.

56 жастағы Дана Омарова 1 жылдан бері аяғы ауырып, қиналып жүргенін айтады. Бүгін "Ашық есік" күні өтіп жатқанын естіп, невропатологқа қаралуға келіпті. Дәрігерлер қала тұрғынын қабылдап, шағымын тыңдады. Толық тексеруден өту керектігін айтып, кеңес берді.   

Дана Омарова, қала тұрғыны:

- Дүйсенбі күні таңертеңнен бастап маған анализден өту керектігін айтты. Анализдерімді тексереді. Не мазалайды, соны көреді. Негізі жатып, ем қабылдауыңыз керек деп жатыр. Бұл жердегі дәрігерлердің бәріне алғысым шексіз, әрдайым жақсы қабылдап, жақсы кеңес береді.

Ал 72 жастағы қала тұрғыны Дайырхан Ахметовтың соңғы 2-3 айдан бері көз жанары бұлдырып жүр екен. Дәрігерлер қарияның көзін тексеріп, қажетті ем-дом шараларын жүргізді.

Дайырхан Ахметов, зейнеткер:

- Бүгінгі мынау тексеріп жатқан азамат-азаматшаларға рахмет. Көзім жақсы көрмей жүр еді, бұлдырып. Соны жаңа тексеріп, дәрі-дәрмек жазып берді. Осымен жақсы болып кетесіз деді. Жақсы болып кетемін деп ойлаймын. Айтатыным дәрігерлерге бізге жақсы қарап, ұзақ өмір сүрейік. 

Ашық есік күні хирург, педиатр, онколог, терапевт сияқты оннан аса дәрігер  мен заң өкілдері тұрғындарға тегін кеңес беріп, көмек көрсетті. Мақсат – халыққа ашықтық, заңдылық және сапалық медициналық қызметтің қолжетімділігін түсіндірді.

Бақыт Стамқұлов, қалалық емхана басшысының м.а.:

- Тұрғындардан қазіргі медицина саласындағы тегін дәрі-дәрмекпен қамту бойынша сұрақтар болып жатыр. Мүгедектікке шығу туралы сұрауда. Сонымен қатар республикалық орталықтарда ем алуды сұрап жатыр. Мамандар толық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар орталық психологтары тұрғындарға өз мүмкіндігін бағалау, ішкі сенімділікті дамыту және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру бағытында пайдалы тәжірибелік кеңестер берді.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz