Шымкентте қоймадағы өрт кезінде зардап шеккен екі ер адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Олардың бірінің денесінің 16 пайызы, екіншісінің 20 пайызы күйген. Күйік негізінен бет, қол және аяқ аймақтарына түскен. Еске сала кетейік, кеше Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қоймада өрт шыққан болатын. Жалын ғимараттың шатырын шарпып, төгілген дизель отыны мен қоймада сақталған резеңке бұйымдар өртті сөндіруді қиындатқан болатын. Соған қарамастан құтқарушылар тілсіз жауды қысқа уақытта сөндірді. Оқиға орнына 56 қызметкер мен 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Мадина Ермаханбетова, Шымкент қалалық гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:
- Екі науқасқа да ауруханаға түсе сала медициналық көмек көрсету басталды. Қазір екі науқас та күйік бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. 1968 жылғы азаматтың 16% беті және қол-аяғы күйген, ал 1982 жылғы азаматтың екі қолы, аяқтарының көп бөлігі күйген.
Тегтер #өрт #зардап шеккендер #Шымкент #қоймаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz