Енді елде дәрі-дәрмекті сатып алу ісі цифрлық теңге арқылы төлене бастайды.
Жоба жылдың екінші жартысынан бастап пилоттық режимде жүзеге асады. Алғашында санаулы мекемелер қатысады, кейін қамту аясы кеңейеді. Ең басты мақсат бюджеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ сандық ақша аударымдарды жедел жүргізуге мүкіндік береді.
Ақан Ескер, "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі:
- Цифрлық теңгенің мәні мазмұны айқындылық. Ақша айналымы өте тез арада жүргізіледі. Мысалы, екі заңды тұлға немесе кез келген екі субьект ортасында іс-әрекет болcа, қабылдаушы тарап тауарды, қызметті қабылдайтын болса, сол мезетте ақша түседі оларға. Банк арқылы күту бұрынғыдай ондай қажет емес. Сосын тағы бір айта кететін мәселе - бұл цифрлы теңгені қолдану аясы шектеулі.
Тегтер #дәрі дәрмек #Цифрлық теңге #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz